Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды порталдар


Құрметті оқырмандар! МИТУ кітапханасы назарларыңызға ғылыми зерттеулер, білім беру технологиялары және тілдерді дамыту саласындағы қосымша білім беру әзірлемелері саласындағы келесі электронды сайттарды ұсынады.


Tilqural.kz — Қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналған веб-платформа және мобильді қосымшалар. Барлық жаттығулар интерактивті және тиімді әдістемелерге негізделген. Олардың көмегімен сіз ережелерді үйреніп, сөздік қорыңызды байыта аласыз және оқу мен тыңдалым дағдыларын жақсарта аласыз. Қазақ тілінің латын графикасы курсы латын әліпбиін, оқу және жазу дағдыларын үйренуге көмектеседі.

Tilalemi.kz — Бұл біздің ана тіліміздің қанатын жайып, ана тіліміздің тарихын, өткені мен бүгінін баяндайтын теңдессіз жоба.

Balatili.kz — Қазақ тілін үйренгісі және дамытқысы келетін үш жастан асқан балаларға, сондай-ақ балаларды тәрбиелеумен және оқытумен айналысатын тәрбиешілерге, мұғалімдерге және ата-аналарға арналған. Сайт интуитивті түсінікті іздеу жүйесі және ыңғайлы навигация жүйесі бар онлайн-платформа негізінде жасалған.

Emle.kz — Қазақ тілінің орфографиялық электронды мәліметтер базасы.

Termincom.kz — Электрондық терминологиялық база. Сайт қазақ терминологиясын жүйелеу бойынша жаңа талаптарды іске асыруды, терминологиялық лексиканы біріздендіру, терминологиялық қорды толықтыру, терминдер мен атауларды қазақ тілінің нормаларына сәйкес регламенттеу, терминологиялық атаулардың тиімділігін арттыру мақсатында халыққа арналған ақпараттық құралды көздейді.

Sozdikqor.kz — Бұл әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын, қазақ тіліндегі көне сөздерді, жаңа технологиялық сөздердің мағынасын көруге мүмкіндік беретін алаң. Порталдың іздеу жүйесі арқылы сөздердің анықтамасын, синонимдерін, антонимдерін, омонимдерін бір беттен көре аласыз.

Qazcorpora.kz — Шағын корпустарды әзірлеу қазақ тілінің ұлттық корпусының жаңа технологиялық платформасын құруға бағытталған. Корпустың негізгі мақсаты – табиғи тіл ресурстарын жинақтау, тілді нормалау және жүйелеу, нәтижелерді тиімді пайдалану үшін көпшілік тұтынушыларға ұсыну. Лингвистикалық корпус белгілі бір тілдегі жазбаша және ауызша мәтіндердің электрондық ақпараттық-анықтамалық базасы болып табылады.

Qujat.kz — Құжат айналымының автоматтандырылған электронды мәліметтер базасы.

Tilmedia.kz — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен әзірленген.

Atau.kz — Ономастикалық электронды мәліметтер базасы.



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті.
Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында әзірленген.